Аннотация: Статья посвящена проблемам взыскания алиментов с супругов и бывших супругов по законодательству стран-участниц ЕАЭС. Также автором выявлен ряд особенностей правового регулирования института алиментных обязательств супругов и бывших супругов на территории стран-участниц ЕАЭС.
Ключевые слова: алиментное обязательство, супруги, алиментная помощь, потребность.
Юридические науки
№ УДК 061.1ЕАЭО:331.212.26
Журкеева Арайлым Амангельдинована
«Университет КАЗГЮУ» АҚ магистранты
Журкеева Арайлым Амангельдиновна
Магистрант АО «Университет КАЗГЮУ»
Zhurkeyeva A. A.
Undergraduate of JSC «KAZGUU Universіty»
ЕАЭО МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ОСОБЕННОСТИ АЛИМЕНТНЫХ ОБЯЗАТЕЛЬСТВ СУПРУГОВ В ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ СТРАН-УЧАСТНИЦ ЕАЭС
FEATURES OF ALIMENTARY OBLIGATIONS OF THE SPOUSES ACCORDING TO THE LEGISLATION OF THE EAEC MEMBER COUNTRIES
Аңдатпа: Берілген мақала ЕАЭО кіретін мүше мемлекеттердің заңнамасы бойынша ерлі-зайыптылырдың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алиментті өтеу мәселелеріне арналған. Сонымен қатар автормен ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағындағы ерлі-зайыптылырдың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың құқықтық реттеудің бірқатар еркешеліктері анықталған.
Кілт сөздер: алименттік міндеттеме, ерлі – зайыпты, алименттік көмек, мұқтаждық.
Аннотация: Статья посвящена проблемам взыскания алиментов с супругов и бывших супругов по законодательству стран-участниц ЕАЭС. Также автором выявлен ряд особенностей правового регулирования института алиментных обязательств супругов и бывших супругов на территории стран-участниц ЕАЭС.
Ключевые слова: алиментное обязательство, супруги, алиментная помощь, потребность.
Abstract: The article is devoted to the problems of collecting alimony from spouses and ex-spouses according to the legislation of the EAEC member countries. The author also has revealed a number of features of legal regulation of maintenance obligations of spouses and ex-spouses in the territory of the member countries of the EAEC.
Key words: maintenance obligation, the spouses, a child support, a need.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабына сай, Қазақстан Республикасы мемлекеті Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді [1]. ЕАЭО мүше мемлекеттердің заңнамасыда азаматтарына лайықты өмірге кепілдіктер береді, мәселен Ресей Федерациясының Конституциясының 7-бабы өз азаматтарына, олардың ішінде қоғамдық қатынастарда материалдық тұрғыда өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын азаматтарына, кәмелетке толмағандар, мүгедектер, зейнеткерлер және басқа да еңбекке қабілетсіз азаматтарына әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді [2]. Бірақ мұндай ауыртпалықты толықтай көтеру мүмкін емес, сондықтан ЕАЭО мүше мемлекеттердің отбасы заңнамасы мұндай тұлғаларға күтуді олардың еңбекке қабілетті жақындарына береді. Мемлекет отбасын қоғамның ең басты байлықтарының бірі санайды, себебі неке қатынастарында болуы қоғамдық кепілдіктер тетігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бірақ, неке қатынастарының тоқтатылуынан соң жүзеге асырылатың қоғамдық тетікте бар, - алименттік міндеттемелерді орындау.
Сондай алименттік міндеттемелердің бірі ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері болып табылады.
Бұл тұста, ЕАЭО мүше мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың алименттік қатынастарында ұқсас тұстармен қатар, айырмашылықтарын, ЕАЭО мүше мемлекеттердегі ерлі-зайыптылардың арасындағы алименттк міндеттемелерінің ерекшеліктерін қарастыру қажет.
ЕАЭО мүше мемлекеттердің отбасы құқығы ерлі-зайыптылардың не бұрынғы ерлі-зайыптылардың бір-бірінен материалдық көмек алуды бекітеді, ол мына ЕАЭО мүше мемлекеттердің заң нормаларында көрініс табады, Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодесінің 20-тарауы [3], Ресей Федерациясының Отбасы туралы Кодексінің 14-тарауы [4], Армения Республикасының Отбасы туралы Кодексінің 13-тарауы [5], Қырғызстан Республикасының Отбасы туралы Кодексінің 15-тарауы [6] және Белорусь Республикасының Неке және отбасы туралы Кодексінің 5-тарауы [7]. Материалдық көмек көрсету ЕАЭО мүше мемлекеттер отбасы заңнамасында міндет ретінде көрсетілген, мәселен, Ресей Федерациясының Отбасы туралы Кодексінің 89-бабы бойынша, ерлі-зайыптылыр бір-бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті [4].
ЕАЭО мүше мемлекеттерде алименттік көмек көрсету екі негізде, яғни біріншісі ерікті түрде алименттік келісім жасасу ретінде және екіншісі еріксіз, сот көмегіне жүгіну арқылы, алименттік көмекті талап ету.
Салыстырмалы түрде қарағанда, ата-анасы мен балалары арасындағы алименттік қатынастар сияқты міндетті емес, бұл алименттік қатынас түрі қандайда бір негіздердің болуы салдарынан пайда болады.
Қажетті қаражаты бар жұбайыдан, егер ерлі-зайыптылар арасында алименттік келісім жасалмаған болса, алименттік төлемдерді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар:
ЕАЭО мүше мемлекеттердің отбасы заңнамалары еңбекке қабілетсіз, мүгедек ортақ балаға материалдық көмек көрсету талаптарын әр түрлі бекіткен. Қырғызстан Республикасы Отбасы туралы Кодексінің 94-бабы 2-тармағы бойынша [6] және Ресей Федерациясының Отбасы туралы Кодексінің 90-бабы 1-тармағы бойынша ортақ мүгедек баланың кәмелетке толғанға дейін және жас кезінен бастап І топ мүгедектігіне жататын баланы күтіп-бағуға қажетті қаражатты жұбайына беруге міндеттейді [4]. Қырғызстан Республикасы мен Ресей Федерациясының отбасы заңнамалары жас кезінен І-топ мүгедектігі бар ортақ баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұбайы талап ете алады деп көрсеткен, жас шектеуі жазылмаған, демек ортақ мүгедек баланың жасына қарамастан талап етуге болады. Белорусь Республикасының Неке және Отбасы туралы Кодексінің 30-бабы алименттік көмекті ортақ мүгедек баланы және еңбекке қабілетсіз кәмелетке толған ортақ балаға күтуді жүзеге асыратын жұбайына беруді жүктеген [7]. Көріп отырсақ Қырғызстан Республикасы, Белорусь Республикасы және Ресей Федерациясы отбасы заңнамасы нормалары ортақ мүгедек баланың мүгедектік дәрежесін көрсетпеген, демек ерлі-зайыптылардың бірі ортақ баланың мүгедектік дәрежесіне қарамастан оны күтіп-бағуға қажетті қаражатты талап ете алады. Ал Армения Республикасының Отбасы туралы Кодексінің 78-бабы 1-тармағы б)-тармақшасының нормасы толығырақ анықтап өткен, мәселен алименттік көмекті жас кезінен бастап және кәмелеттік жасқа толған ортақ баланың І топ мүгедектігіне байланысты күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұбайына беруді жүктеген болса [5], біздің Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 148-бабы 1-тармағы б)-тармақшасы он сегіз жасқа толғанға дейін және он сегіз жасқа толғаннан кейін ортақ балаға І-ІІ топ мүгедектігіне байланысты күтіп-бағуыды жүзеге асыратын жұбайына қажетті қаражатты беруді жүктейді [3].
Мұнда ЕАЭО мүше мемлекеттердің заңнамаларында мынадай ерекшеліктері бар, мәселен, Армения Республикасының Отбасы туралы Кодексінің 89-бабы 2-тармағы бойынша [5], Қырғызстан Республикасының Отбасы туралы Кодексінің 94-бабы 2-тармағы бойынша [6] және Белорусь Республикасының Неке және Отбасы туралы Кодексінің 30-бабы бойынша неке бұзылғанға дейін не бұзылғанан кейін бір жыл ішінде еңбекке жарамсыз болып қалған материалдық көмекке мұқтаж жұбайы алименттік көмекті талап ете алады [7]. Сонымен қатар, Армения Республикасының Отбасы туралы Кодексінің 78-бабының 1-тармағы г)-тармақшасы бойынша неке бұзылғаннан кейін ерлі-зайыптылылардың біреуі бес жыл ішінде зейнеткерлік жасқа толған болса, материалдық көмекке мұқтаж зейнеткерлік жасқа толған жұбайы алименттік көмек түріндегі материалдық көмекті талап ете алады. Бірақ мұнда мынадай шарт бар, ерлі-зайыптылар он бес жыл не оданда көп уақыт бойы некеде тұруы керек [5]. Ал, Кырғызстан Республикасы Отбасы туралы Кодексінің 95-бабы [6] және Ресей Федерациясының Отбасы туралы Кодексінің 90-бабы бойынша ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт бойы некеде тұрған болса және неке бұзылған соң бес жылдың ішінде ерлі-зайыптылырдың бірі зейнеткерлік жасқа толған болса, алименттік көмекті талап етуіне болады [4]. Белорусь Республикасы Неке және отбасы туралы Кодексінің 30-бабы бойынша некеде он жылдан артық тұрған неке бұзылғаннан кейін бес жыл ішінде зейнеткерлік жасқа толған жұбайына сотта алимент талап ету құқығы бар [7]. Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 148-бабы 1-тармағы 3-тармақшасы бойынша алименттік көмекті талап етуге неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар [3]. Қазақстан Республикасының отбасы заңнамасы бойынша зейнеткерлік жасқа толған жұбайы еңбекке жарамсыз жұбайы ретінде саналады, солайша зейнеткерлік жасқа толған жұбайы алименттік көмекті талап ете алады, бірақ неке бұзылғаннан соң еңбекке жарамсыз болған жұбайыға алименттік көмек талап ету құқығы көзделмеген.
Материалдық көмекке мұқтаж жұбайыға алименттік көмек мөлшері мен төлеу тәртібін жұбайылар келісуі арқылы не соттың шешімімен анықталады. Соттың шешімімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері ерлі-зайыптылардың материалдық және отбасылық жағдайына қарай шешіледі. Ерлі-зайыптылардың материалдық және отбасылық жағдайларының өзгеруіне қарай ерлі-зайыптылар сотқа өндіріліп алатын алименттік көмек мөлшерін өзгерту талабымен жүгіну мүмкіндігі бар.
Сот еңбекке жарамсыз жұбайының пайдасына алынатын алименттік көмек беруден сол алименттік көмекті беретін тұлғаны босатуы не алименттік көмек беруді некеде тұру мерзімімен қатар, неке бұзылғаннан кейін де шектеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 150-бабы 1-тармағы [3], Қырғызстан Республикасының Отбасы туралы Кодексінің 97-бабы [6], Армения Республикасының Отбасы туралы Кодексінің 80-бабы [5] және Ресей Федерациясының Отбасы туралы Кодексінің 92-бабы бойынша алименттік көмекке мұқтаж жұбайының еңбек қабілетсіздігі спирттік ішімдіктерді, есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді теріс пайдалануы салдарынан немесе оның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауы салдарынан басталған болса, ерлі-зайыптылар некеде ұзақ тұрмаған болса және алименттік көмекке мұқтаж жұбайы отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен болса сот жұбайды екінші жұбайға алименттік көмек көрсету міндетінен босата алады немесе бұл міндеттің мерзімін шектей алады [4].
ЕАЭО мүше мемлекеттердің отбасы заңнамасы некеде ұзақ тұрмау мерзімін әртүрлі белгілеген, мәселен Қазақстан Республикасы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 150-бабы 1-тармағы 1-тармақшасы бойынша қысқа мерзімдік неке бес жылдан аспаса [3], Армения Республикасының Отбасы туралы Кодексінің 80-бабы б)- тармағы бойынша бір жылмен анықталады [5].
Белорусь Республикасының Неке және отбасы туралы Кодексінің 32-бабы бойынша, сот материалдық көмекке мұқтаж жұбайының отбасындағы лайықсыз мінез-құлқын және ерлі-зайыптылар арасындағы некенің ұзақтығын ескере отырып, алимент төлеуші жұбайыны күтіп-бағу жөніндегі міндеттен босата алады және бұл міндеттің мерзімін шектей алады [7]. Демек, Белорусь Республикасы отбасы заңнамасы бойынша еңбекке жарамсыздығы негізінде алименттік көмекті талап етіп отырған жұбайы еңбекке қабілетсіздігіне өзін-өзі әкелгеніне қарамастан талап ете алады.
О.А. Макеева ерлі-зайыптылардың арасында алименттік міндеттемеден босату және мұндай міндеттеменің мерзімін шектеу негізін көбейту керек деп санайды. Оның ойынша, алименттік көмекті талап етуші жұбайының некеге тұрардың алдында өзінің алименттік көмек алуына негіздің пайда болуына әкелген немесе әкелуі мүмкін денсаулық жағыдайын қасақана жасыруды алименттік міндеттен босату негіздерінің біріне енгізу қажет [9, 11 б.].
ЕАЭО мүше мемлекеттердің арасында, Қазақстан Республикасы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы Кодексінің 150-бабы 2-тармағы [3] мен Белорусь Республикаларының Отбасы туралы Кодексінің 33-бабы бойынша ерлі-зайыптылардың арасындағы алименттік міндеттемелердің мынадай тоқтату негіздері көрсетілген:
Негізінен ЕАЭО мүше мемлекеттердің ерлі-зайыптылар мен бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік мәселелеріне қатысты заңнамалық нормаларында айрықша өзгешелік жоқ, дегенмен өзіміздің заңнамамызға енгізуге тұрарлық тұстары да бар деп санаймыз. Мәселен, ортақ баланың үш жасқа толғанға дейінгі күтіп-бағуына қажетті қаражатты талап ету құқығын тек зайыбына ғана емес, еріне де беруді енгізу. Себебі, Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 30-бабында ерлі-зайыптылардың тең құқықтары мен тең міндеттері бар екендігі көрсетілген [3], үш жасқа толғанға дейін баланы күтіп-бағуды тек әйелдер ғана емес, ерлерде жүзеге асыруы мүмкін, біздің ойымызша мұндай мүмкіндікті ескермеуіміз әділетсіз деп табамыз.
Сонымен қатар, неке бұзылған соң зейнеткерлік жасқа толған және мүгедек болған материалдық көмекке мұқтаж жұбайына алименттік көмек алуды талап ету құқығын көздегеніміз жөн болады деп санаймыз. Мұндай көмекті талап ету мүмкіндігіне де бірнеше талаптар қоюға болады. Мысалы, некеде он жылдан артық уақыт болу, неке бұзылған соң бес жыл ішінде зейнеткерлік жасқа толу немесе мүгедек болу, әрине егер материалдық көмекке мұқтаж мүгедек бұрынғы жұбайы өзін-өзі мүгедектікке әкелмеген болса. Некеге тұрардың алдында медициналық тексерістен өтуді міндетті ету қажет деп санаймыз. Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 1-бабына «мұқтаждық», «некенің ұзақтығы», «лайықсыз мінез-құлық» түсініктеріне анықтама енгізгеніміз жөн деп табамыз.
Әдебиеттер: