Аннотация: мақала бүгіндегі Жердің мұнай өнімдерімен ластануына арналған. Мақалада топырақтың құнарлы қабатының мұнаймен ластануы, оның салдары, биологиялық жолмен қайта рекультивациялау жолдары, биосурфактанттардың әсері жайлы баяндалған.
Ключевые слова: мұнаймен ластану, биосурфактанттар, көмірсутектер, биоыдырағыштық.
Тасымбекова Салтанат Аскаровна
II курс магистрі,
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті,
Астана, Қазақстан
ТОПЫРАҚТАҒЫ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ БИОДЕГРАДАЦИЯСЫНА БИОСУРФАКТАНТТАРДЫҢ ӘСЕРІ
Аннотация: мақала бүгіндегі Жердің мұнай өнімдерімен ластануына арналған. Мақалада топырақтың құнарлы қабатының мұнаймен ластануы, оның салдары, биологиялық жолмен қайта рекультивациялау жолдары, биосурфактанттардың әсері жайлы баяндалған.
Ключевые слова: мұнаймен ластану, биосурфактанттар, көмірсутектер, биоыдырағыштық.
Мұнаймен ластанған топырақ қасиеті көптеген физико-химиялық өзгерістерге ұшырайды. Әлсіз топырақ құрамының бұзылуы және топырақ бөлшектерінің суды сіңіру қасиеті төмендейді.
Топырақтың ластанудан өздігінен тазарудың табиғи механизмдерінің ішінде микроорганиздердің орасан зор маңызы бар, олар үшін, көмірсутектері жалғыз ғана энергия көзі болып табылады.
Мұнаймен ластануға қарсы күресте микробиологиялық әдістерді ойлап табу барысында биоценатты комплекстер шығару үшін мұнай тотықтырушы микроорганизмдердің аборигенді штаммдарын сұрыптап алу мүмкіндігі бар. Биоыдыратушы белсенді биопрепараттар дайындауда көмірсутекті қышқылдандыру белсенділігі жоғары, өз сапасын ұзақ сақтайтын бактерия суспензияларының түрлерін ойлап табу өзекті мәселе. Беттік активті заттардың қолданылуының күннен күнге өсуiне байланысты ғылымның әр түрлi саласында және технологияда олардың физика-химиялық қасиеттерiнiң зерттеу қажеттiлiгi айқындалып келедi.
Мұнай көмiрсутектерi микроағзаларының тотығуы мен пайдалану проблемаларымен тығыз байланысты МБАЗ алу аясындағы зерттеулер жүргiзiлуде. МБАЗ мұнай өндiрушi және игерушi мамандардың көңiлiн аудартты. Олардың неғұрлым белсендi өндiрушiлерi, көмiрсутектердi сiңiрушi топырақ микроағзалары құрамынан алынған.[4]
Мұнай көмiрсутектерiн игеру қабiлеттiгi микроәлемнің сан алуан өкілдеріне тиесілі. Көмірсутек тотықтандырғыш микроағзалар түрлі өкілдерге жатқызылады. Соның ішінде 300-ден астам саңырауқұлақ, ашытқыш, бактериялар мен актиномицеттер мәдениетінің түрлері зерттелген. Көмірсутектерді тұтыну қабілеттігі әдетте: Mycobacterium, Rhodococcus, Pseudomonas, Micrococcus және Bacillus түр-леріне жатқызылатын бактериялық мәдениеттерде жиі кездеседі. Мұнай көмірсутектерін қолдану қабілеттігі Сandida, Trichosporon, Exophilia аспорогенді ашытқыштары сияқты түрлерде жиірек кездеседі. Бұл қасиетке айтарлықтай басымдықты Rhodotorula түрлерінің өкілдерi ие. [1]
Түрлі зерттеулерден мұнай өнімдері мен мұнайды утилизациялау мүмкiндiктері анықталып келеді. Микроағзалардан құралған биосурфактанттар, эмульгирлеу тиімдiлігі бойынша синтетикалық сурфактанттардан бір кем түспейді. Дегенмен, олар синтетикалық сурфактанттарға қарағанда, биоыдырағыштығы және тосикалық еместігі, қайта қалпына келетін көздерден алуға болатыны, экологиялық таза жаңа технологияларды ойлап табуға таптырмас құрал болып табылады.
Биосурфактанттар микроағзалармен синтезделетін, беттік қабатты белсенді молекулалардың құрылымдық, алуан түрлі тобы болып табылады. Бұл байланыстар су ерітіндісінде де, көмірсутек қоспаларында да беттiк керілу мен фаза аралық байланыстарды азайтады. Биосурфактанттардың химиялық сурфактанттар алдында токсикалық еместiгiмен қатар бiршама артықшылықтары бар, жоғары биоыдырағыштық, қоршаған ортамен оңтайлы үйлесiмдiлiгi, жоғары көпiргiштiк, селективтiлiгi және температураның жоғарылауына, рН пен тұздарға айрықша белсендiлiгi, сонымен қатар жаңартылатын материалдарда синтезделу қабiлетi. Nocardiarhodochrous трегалолипидтерді қолдану кезінде жерасты құмтастарынан мұнайдың өңдеу 30% арттылғаны көрсетілген. ”Geodyne Technology”-мен субсидияланатын “Multy - biotech”фирмасы, мұнай өндірісін арттыру үшін биосурфактанттарды коммерциялық өндіруді игеріп алды. Венесуэланың ауыр шикі мұнайын эмульсан биосурфактантымен өңдеуде, оның тұтқырлығын 200 000 - нан 100 сР дейін төмендегені белгілі болды. [3] Биосурфактантты өндіруші микроағзаларды қолданудың маңызды бағыты, көмірсутектермен ластанған жер қыртыстарын биоремедиациялау технологиясы болып табылады. Осылайша, рамнолипид Pseudomonasaeruginosa Аляска аймағында, Exxon Valdez фирмасымен ластанған, жұмыр топыраққа төгілген мұнайдың едәуір мөлшерлерін жойған. Сонымен қатар, аталмыш биосурфактанттардың құмдақтар мен саздақ жерлерден сәйкесінше 25-70% дан 40-80%-дейін көмірсутектерді жоюы анықталған. [2]
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Абрамзон А.А. Поверхностно-активные вещества. Свойства и применение. Л.: «Химия», 1975. 248 с.
2. Гоготов И.Н. Полисахариды: свойства, получение и практическое использование. В: Материалы Межд. научно-практич. конф. «Перспективы и проблемы развития биотехнологии в рамках единого экономического пространства стран содружества», Минск-Нароч: РИВШ, 2005. С. 54-55.
3. Елисеев С.А., Кучер Р.В. Поверхностно-активные вещества и биотехнология. Киев: Наукова думка, 2001. 60 с.
4. Кобзев Е.Н. Биодеструкция нефти и нефтепродуктов микробными ассоциациями в модельных системах. Дис. канд. биол. наук. 2003.179 с.