Актуальные проблемы современной науки: тезисы докладов VІI Международной научно-практической конференции (Санкт-Петербург – Астана – Киев – Вена, 28 апреля 2016)
Географические науки
ТУРАПОВА РАХАТ ОРЫНБАСАРОВНА
Старший преподаватель кафедры
картографии и геоинформатики
Казахский Национальный университет
имени аль-фараби
г. Алматы, Казахстан
ПРИРОДНЫЕ РЕКРЕАЦИОННЫЕ РЕСУРСЫ ВОСТОЧНЫЕ ЧАСТИ ЗАИЛИЙСКОГО АЛАТАУ
Табиғат ресустары қоғамның әлеуметтік- экономикасының өркендеуіне үлес қосатын бірден бір табиғат көзі. Табиғат ресурстары адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғи нысан. Табиғат ресурстарын адам денсаулығын нығайту, қалпына келтіру, демалыс қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланады, яғни рекреациялық мақсаттар үшін.Табиғат ресурстары бедер, климат, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар және т.б. болып бөлінеді.
Сонымен Шығыс Іле Алатауының табиғи ресурстары туристік қызметтерді дамыту үшін негіз бола алады.Бұл аймақтағы табиғи нысандар республикалық маңызы бар, арнайы қорғауға алынған табиғи нысандар. Мысалы мұндай табиғи керемет нысандарға, Шарын шатқалы- жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші, көне замандардан сақталған саналуан пішінді түрлі-түсті жартасты «Қызғылт қамалдар аңғары», Шарын шатқалындағы ерен ағашы «Сарытоғай» деп аталатын алқапта шоғырланған тоғай. Шығыс Іле Алатауының керемет жерлеріне саяхатқа шығып тамашалау үшін туристерге туристік және экскурсиялық бюролар, гид, экскурсия жүргізілері қызмет көрсете алады.
Шығыс Іле Алатауының орографиялық жер бедері жағынан ең шеткі солтүстік тармағы батыста Бақай тауларынан ауысатын Қараш тауларынан басталады.
Шелек өзенінің меридиональды шатқалынан шығысқа қарай олар Сөгеті тауларымен жалғасады, ал ол солтүстік – шығысқа қарай еңістеліп, екі тармаққа, яғниоңтүстікте Үлкен Бөгеті және солтүстігінде Бала Бөгеті тауларына тарамдалады. Олардың ең жоғары абсолюттік белгісі Қараш тауларында 3464 метр. Бақай тауларының ең жоғарғы нүктесі 1857 метр, ал Бөгетінің ең жоғарғы нүктесі 1816 метр.
Сөгеті тауларының Көкпек – Дала жазықтығынан көтерілу биіктігі – 390 метр, Үлкен Бөгетінің Сарыеспе аңғарынан көтерілуі – 750 метр. Барлық солтүстік тізбектердің ұзындығы – 130 км, ал ең үлкен ені – 25 км. Оның жер бедері тік беткейлерімен ерекшеленеді.
Орталық тармаққа Сарытау таулары жатады. Сарытау, Шелек өзенінің меридиональді ағысының шығысына қарай Торайғыр тауына өтіп, ал Шарын өзенінің арғы жағында жазықтыққа ауысады. Сарытау тауларының ең жоғары абсолюттік белгісі – 3448 метр, ал Торайғыр жотасынікі – 2469 метр.
Сарытаудың Жіңішке аңғарынан орташа салыстырмалы көтерілуі – 1000 метр, Торайғырдың Жалаңаш жазықтығынан көтерілуі – 800 метр. Орташа тізбектердің ұзындығы – 90 км, ең үлкен ені – 15 км. Сарытау беткейлері жәй толқынды болып келген. Торайғырдың жер бедері күрт бөлшектенген және тік беткейлі.
Шелек және Шарын өзендерінің арасында Жалаңаш жазықтығы жатыр. Солтүстігінде ол Торайғыр тауымен, ал оңтүстігінде Күнгей Алатау жотасының солтүстік өкшесімен шектесіп жатыр. Жазықтықтың беті солтүстік – батысқа қарай еңістелген. Абсолюттік биіктігі 1350 – 1400 метр, оңтүстік бөлігінде ені 20 км, Жалаңаш ауылы меридианы бойынша ұзындығы 24 км. Жалаңаш жазықтығының солтүстігінде Торайғыр тауымен шектесіп жатқан тауаралық Көкпек – Дала жазықты орналасқан. Оның Шелек өзенінен Шарын өзеніне дейінгі ұзындығы 50 км, ал ең үлкен ені 18 км, орташа абсолюттік биіктігі 1100 – 1150 метр. Жазықтықтың батысқа қарай еңістелген. Оның жер бетінің тегстігі шығыста Шөладыр шоқысымен бұзылған. Бұл шоқысының шығысында Көкпек – Дала жазықтығы Сарыеспе аңғарына ауысады [1].
Шығыс Іле Алатауының климаты континенттік, қысы суық, аязды, жазы ыстық, әрі құрғақ. Қаңтар айындағы жылдық орташа температурасы -6-10°С, кейде температура –28 – 30°С-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-400 мм, таулы бөлігінде 400-700 мм. Бұндай климаттық жағдайлар демалушылар үшін қолайлы.
Шығыс Іле Алатауының биік және орташа таулы аймақтары өзінің табиғи ерекшелігімен адамдарды қызықтыратын тау туризмнің басты нысаны болып саналады.Таулар пайда болу ерекшелігіне, табиғатжағдайларыныңқалыптасуынақарайтуристікіс-әрекеттердіөткізугеөтеқолайлы.
Табиғи жаратылысы әсем Шарын ұлттық табиғи саябағы Үлкен Бөгеті тау жотасын, Сөгеті аңғары мен шекаралас шөлді жерлерді Шарын өзені бойындағы «Қызғылт қамалдар» аңғарын, сол маңдағы далалы алқапты және Торайғыр тауы беткейлерін қамтиды.
Бұл аймақта белсенді туризм: авто-жаяу турлар ұйымдастырылған. Жаяу туризм адамдарға таудың таза ауасымен демалып, табиғат аясында атқа салт мініп жүру маршрутыда бар.
Зерттеліп отырған аймақтағы ең ірі Шарын және Шелек өзендерінің ағысы қатты, суы толық тау өзендері.Шелек өзені бастауын бұл аймақтан тыс, Шелек – Кемен тау торабындағы Жаңғырық мұздықтар тобынан алады. Қарастырылып отырған ауданға Шелек оңтүстік – батыс бұрышта,2813 метр абсолюттік биіктігіне кіреді. Содан соң бұл өзен шығысқа қарай ағады. Шелек өзінің арнасын солтүстікте бірден бұрады.
Шарын Күнгей Алатау жотасының ең ірі өзені. Ол өзінің жоғары ағысында Кеген депаталады. Ол өзінің басын Кетмен жотасының оңтүстік беткейінен алады. Кеген ендік бағытта шығыстан батысқа қарай ағады және Күнгей Алатаудың солтүстік беткейінен сансыз көп сағаларды қосып алады. 78º45' ш.б меридианында ол бірден өз бағытын солтүстікке қарай өзгертіп, Шарын деген атқа ие болады. Одан ары қарай, Шарын солтүстік – шығысқа қарай ағып, Жалаңаш жазықтығының шығыс бөлігін кеседіде, Іле аңғарына шығады, ал содан – соң Ілеге келіп құяды. Біздің аудан бойында, яғни солтүстікке бұрылғандағы Шарының сол сағалары тіптен жоқ, ал оң жағынан тек бір саға – Темірлік сағасы құяды [1].
Су туризмі өзге де спорттық туризм түрлері сияқты бұл аймақта да жақсы дамыған.Ағысы қатты Шарын өзенінде су спорты бойынша іс шаралар ұйымдастырылып тұрады. Мысалы, Рафтинг – бұл белсенді адамдарға арналған өзендердегі эмоциялық демалу. Үрленген қайықтарда өзеннің қиын ауданынан өткенде, туристер өте күшті адреналин алады, суға түсіп, шомылып көңіл көтереді, оған қоса таулы пейзаждарды, ғажап каньондарын тамашалай алады. Шелек және Шарын өзендері балыққа бай болғандықтан балық аулау туризмі де дамыған.
Аймақтың аумағында ендік бағытта айқын байқалатын бірнеше табиғи белдемдер өтеді. Іле ойпатының шөлейтті белдемінде сұр, сортаң сұр топырақ қалыптасқан.
Тауалды жазығында бозғылт қоңыр, қоңыр, карбонатты қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау баурайында таудың шымды қоңыр топырағы, шалғынды-қошқыл топырақ орын алған. Тау етегі мен шатқалдарын үйеңкі, көк терек, емен, өрік тал, алма, алмұрт жеміс ағаштары, биік таулы бөлігін шырша, қарағай орманы алып жатыр. Өсімдік жамылғысында жусан, көкпек, ши, жыңғыл, қамыс, құрақ, сексеуіл, арша, шырша, Шарын өзенінің аңғарында табиғат ескерткіштері саналатын аумағы 5014 га реликті шетен тоғайы өседі. Согдиан ерені, емен, тораңғы, Іле итмурыны, Іле қарақаты сияқты өсімдіктер қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Өзен аңғарлары мен ойысты жерінің шалғынды-батпақты топырағында құрғақ, қамыс, қияқ, жалбыз, тау алдының жонды-белесті жерлерінің қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында бұта аралас бетеге, боз, селеу, тау бөктерлерінде астық тұқымдас әр түрлі шөптесіндер өседі.
Таулардың орта және биік белдеулерінде тау шалғыны, одан биікте альпілік шалғындар қалыптасқан. Жануарлардан: Тянь-Шань қоңыр аюы, таутеке, арқар, шошқа (доңыз), елік,қасқыр, түлкі, қоян ақтиін,борсық, суыр, ондатра; құстардан: ұлар, кекілік, қырғауыл, бұлдырық, көгершін, бүркіт, сұңқар т.б. мекендейді
Жазық аймақтарда шаңғы және сноуборд – белсенді туризм түрілері жәнеаң аулау туризміде дамыған.
Табиғат ресурстары адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды, яғни табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Оларды адамның толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Бұндайсарқылмайтын, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы зор.
Адамзат табиғат ресурстарын барынша үнемдемеп, оны қорғай білсе өркендей береді деп үміттенуге болады.
Литература